ПОДЕЛИТЬСЯ
15 тамыз 2020 | 14:12
Коронавирус: Ресейде вакцина сынаудың үшінші кезеңіндегі ерекшелігі айтылды
Коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші кезеңі амбулатория жағдайында өтеді. Бұл туралы ТАСС агенттігіне Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология орталығының директоры Александр Гинцбург айтты, - деп хабарлайды lenta.tu.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші кезеңі амбулатория жағдайында өтеді. Бұл туралы ТАСС агенттігіне Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология орталығының директоры Александр Гинцбург айтты, - деп хабарлайды lenta.tu.
"Әрине, еріктілер алдын ала ауруханаға жатқызылмайды. Бәрі үйден жасалады және үйіне қайтады", - деді ол.
Еске салайық, 12 тамызда Ресей денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко ресейлік вакцинаның бірінші партиясы екі аптадан кейін шығарылатынын және алдымен оны дәрігерлер алатынын айтқан.
11 тамызда РФ президенті Владимир Путин елде COVID-19 инфекциясына қарсы әлемдегі алғашқы вакцина тіркелгені туралы мәлімдеді. Вакцина "Спутник V" деп аталады. Препарат тамыз айының ішінде шығарылады. Азаматтарға 2021 жылдың қаңтарынан бастап салынады. Бұл екпені салғаннан кейін адам ағзасында 2 жылға дейін иммунитет болады деген болжам бар.
Путиннің қызы коронавирусқа қарсы екпе салғызды
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге COVID-19 індетіне қарсы әлемдегі ең бірінші вакцинаның тіркелуіне орай құттықтап, жеделхат жолдаған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также