02 наурыз 2020 | 09:00

Коронавирус тағы бес елде анықталды

© REUTERS

Коронавирустан қайтыс болғандардың саны 2900 адамнан асты, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Коронавирустан қайтыс болғандардың саны 2900 адамнан асты, - деп хабарлайды РИА Новости.

ҚХР Денсаулық сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік комитеттің мәліметінше, коронавирустан қайтыс болған адамдардың саны - 2912, 44 462 адам вирустан айығып, ауруханадан шығарылған.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, билік өкілдері қазіргі уақытта әлем бойынша коронавирусты 32 652 адам жұқтырғанын мәлімдеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы соңғы тәулікте Қытайдан тыс аумақта 1160 адамның коронавирус жұқтырғанын анықтады. Ұйымның хабарламасында Қытайдан басқа тағы 58 елде вирус бар екені айтылады.

Соңғы деректер бойынша тағы бес елде коронавирус анықталып отыр - Әзербайжан, Эквадор, Ирландия, Монако және Катар. 

ДДСҰ Қытайдағы коронавирусты әлемдік деңгейдегі төтенше жағдай деп атады

Еске салайық, Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухан қаласында белгісіз вирустың тарай бастағанын хабарлаған еді. Мамандар Ухан қаласындағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеп, вирустың қайнаркөзі сол базарда сатылған жабайы жануарлар болғанын анықтаған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная