ПОДЕЛИТЬСЯ
26 ақпан 2020 | 09:17
Коронавирус тағы екі елге жетті. Қайтыс болғандардың саны ұлғайды
25 ақпандағы жағдай бойынша, коронавирус Швейцария мен Алжирде анықталды, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
25 ақпандағы жағдай бойынша, коронавирус Швейцария мен Алжирде анықталды, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Коронавирустың алғашқы белгілері расталды", - деп мәлімдеді швейцариялық Денсаулық сақтау министрлігі Twitter желісіндегі парақшасында. Blick басылымының мәліметінше, науқас Италиямен шекаралас орналасқан Тичино аймағында анықталған.
COVID-19 тіркелгені туралы Алжирдің денсаулық сақтау министрі Абдуррахман бен Бузейд хабарлаған. Оның сөзінше, коронавирус 17 ақпанда елге келген Италия азаматынан анықталған.
"Науқасқа медициналық көмек көрсетіліп жатыр, ол карантинге жатқызылды", - деді министр.
Pais басылымының мәліметінше, Каталонияда да коронавирус анықталған. Сонымен қатар, Тенерифе аралдарында да вирус тарағаны мәлім болды. Сөйтіп, жалпы Испанияда бес адам коронавирус жұқтырған.
Сондай-ақ, вирус Германияда да анықталған. Германияда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны - 18. Ал Италияда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 10-ға жетіп, 322 адам ауруханаға жатқызылған. Вирус көбіне Ломбардия облысында анықталған. Коронавирустан қайтыс болғандардың көбі егде жастағы адамдар.
Соңғы мәліметтер бойынша, Оңтүстік Кореяда тағы 169 адам коронавирус жұқтырып, бір адам қайтыс болған. Елде вирус жұқтырғандардың жалпы саны - 1149 болса, қайтыс болғандардың саны - 11.
Еске салайық, Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын Ухандағы белгісіз пневмонияның белең алуы туралы хабардар етті. Мамандар аурудың қоздырғыштарын анықтады - бұл жаңа коронавирус. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп танып, ауруға ресми атау берді - COVID-19.
Показать комментарии
Читайте также