14 ақпан 2020 | 17:46

Коронавирус таралған круиз лайнерінің жолаушылары эвакуациялана бастады

Карантинге жіберілген круиз лайнерінің бірнеше жолаушысы эвакуацияланды. Олардың көбі - 80 жастан асқандар мен коронавирустың жаңа түрі анықталмаған жолаушылар, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Карантинге жіберілген круиз лайнерінің бірнеше жолаушысы эвакуацияланды. Олардың көбі - 80 жастан асқандар мен коронавирустың жаңа түрі анықталмаған жолаушылар, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, лайнердің бірнеше жолаушысы эвакуацияланып, арнайы автобустарға отырғызылды. Енді олар колледждердің бірінің жатақханасына орналастырылады.

Реклама
Реклама

Нақты қанша жолаушының эвакуацияланғаны әзірше айтылмай отыр. Айта кетейік, круиз лайнерінде жасы 80-нен асқан 200 жолаушы болған.

Сондай-ақ, Diamond Princess лайнерінде 4 қазақстандықтың бары айтылады.

Еске салайық, мұның алдында қазақстандықтардың коронавирус таралған круиздік лайнерде қалып қойғаны хабарланған болатын. "Жапония жағалауындағы Diamond Princess круиздік лайнерінде 50 елдің 3700 азаматы карантинге алынды. Коронавирус жұқтырған 174 адам тіркелді. Лайнерде Қазақстанның төрт азаматы бар. Олардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, зертханалық зерттеулердің нәтижелері іске қосылды", - деген еді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп брифингіде.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная