Коронавирус: Түркияда туристік маусым кейінге шегерілуі мүмкін

Фото: PIXABAY.COM

Түркияның мәдениет және туризм министрі Мехмет Эрсой коронавирустың таралу қаупіне байланысты жазғы туристік маусымды кейінге шегеруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркияның мәдениет және туризм министрі Мехмет Эрсой коронавирустың таралу қаупіне байланысты жазғы туристік маусымды кейінге шегеруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр жазғы туристік маусымды наурыздан сәуірге шегеру қажетін айтады.

"Біз туристердің санын өткен жылмен салыстырғанда қысқарту қажет деген шешімге келдік", - дейді Мехмет Эрсой.

Реклама
Реклама

Осы орайда ол маусым – наурыз айларында туристердің санын қысқарту бойынша қажетті жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.

"Бір ауданда бірнеше қонақүйі бар желілер оның біреуін ғана пайдалана алады. Қалған қонақүй желілері бұл ауданда қонақтарды қабылдай алмайды", - деп түсіндірді Түркияның мәдениет және туризм министрі.

Айта кетейік, 11 наурызда Түркияда алғаш рет коронавирус  дерегі тіркелген болатын. Әлем бойынша қауіпті дертті 121 мыңнан аса адам жұқтырған. Қытай, Италия, Иран және Оңтүстік Корея мемлекеттерінде коронавирус өршіп тұр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама