15 қыркүйек 2020 | 12:38

Коронавирусқа қарсы қытайлық вакцинаның бағасы белгілі болды

Фото: ©REUTERS

China National Biotec Group (CNBG) фармацевтикалық компаниясы коронавирусқа қарсы екі вакцинаның бағасын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CGTN сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

China National Biotec Group (CNBG) фармацевтикалық компаниясы коронавирусқа қарсы екі вакцинаның бағасын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CGTN сайтына сілтеме жасап.

Компания өкілінің айтуынша, China National Biotec Group әзірлеген екі вакцина осы жылдың желтоқсанында нарыққа шығады деп жоспарланып отыр. Екі вакцинаның бағасы 1000 юаньнан төмен болады (шамамен 62 мың теңге).

Реклама
Реклама

Бүгінде вакциналар оннан аса елде қауіпсіздік пен тиімділік сынағының үшінші кезеңінен өтіп жатыр.

"Он мыңнан аса адам вакцина алып, COVID-19-ды жұқтыру қаупі жоғары елдер мен аймақтарға сапар шекті. Осы уақытқа дейін олардың ешқайсы ауру жұқтырған жоқ. Бұл вакциналардың тиімділігін дәлелдейді", - дейді фармацевтикалық компанияның өкілі.

China National Biotec Group компаниясы жылына коронавирусқа қарсы вакцинаның 300 миллион дозасын шығаруға қауқарлы. 3-6 айдан кейін вакцинаның көлемін арттыру жоспарланып отыр. Бұл вакцина өндірісін 1,3 миллиард дозаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная