07 шілде 2020 | 10:02

Коронавирусқа қарсы вакцина: дәрігер еріктілердің жағдайы туралы айтып берді

Фото: ria.ru

Ресейдегі Сеченов университетінде коронавирусқа қарсы вакцина салдырып жатқан еріктілердің жағдайы белгілі болды. Бұл туралы бірінші Мәскеу мемлекеттік медициналық университеті дәрілік заттарды клиникалық зерттеу орталығының жетекшісі Елена Смолярчук айтты, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейдегі Сеченов университетінде коронавирусқа қарсы вакцина салдырып жатқан еріктілердің жағдайы белгілі болды. Бұл туралы бірінші Мәскеу мемлекеттік медициналық университеті дәрілік заттарды клиникалық зерттеу орталығының жетекшісі Елена Смолярчук айтты, - деп хабарлайды РИА Новости

18 маусымда Сеченов университетінде COVID-19 вирусына қарсы вакцинаға клиникалық зерттеу басталды.

Реклама
Реклама

Елена Смолярчуктың айтуынша, еріктілердің бірінші тобы осыдан 3 апта бұрын, ал еріктілердің екінші тобы 2 апта бұрын вакцина алыпты.

Ғалым коронавирусқа қарсы вакцинаның басқа вакциналардан айырмашылығы байқалмағанын айтады. Ол инъекцияның орнында терінің қызаруы байқалғанын, кейбірінің басы ауырғанын, кейбірінің дене қызуы көтерілгенін, тамағы жыбырлағанын, тамырлары ауырғанын атап өтті.

Елена Смолярчук вакцинаның еріктілерге әсері аз болғанын жеткізді.

"Қазіргі таңда еріктілердің жағдайы жақсы. Олардың шағымдары жоқ. Бүгінде зертханалық көрсеткіштер те ойдағыдай, қауіп төніп тұрған жоқ", - дейді ғалым.

Ол еріктілердің жағдайы жақсы болса, 15 және 20 шілде аралығында зерттеу орталығынан шығарылатынын жеткізді.

Оның айтуынша, егер вакцина тиімділігін дәлелдесе, ол Ресейде ғана емес, шетелде де қолданылуы мүмкін.

Вакцина биотехнологиялық әдіспен жасалған. Сондықтан ол вакцинация кезінде ауру тудыруы мүмкін емес. Себебі адам ағзасына вирус тірі күйінде немесе инактивтендірілген түрде енгізілмейді дейді ғалым.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram