ПОДЕЛИТЬСЯ
20 шілде 2020 | 09:29
Коронавирусқа қарсы вакцина көп адамға жетпеуі мүмкін - ДДҰ сарапшысы
ДДҰ сарапшысы Клаус Штордың пікірінше, дүние жүзіндегі көптеген адам коронавирусқа қарсы вакцинасыз қалады, - деп хабарлайды Bloomberg.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ДДҰ сарапшысы Клаус Штордың пікірінше, дүние жүзіндегі көптеген адам коронавирусқа қарсы вакцинасыз қалады, - деп хабарлайды Bloomberg.
Штордың айтуынша, 2021 жылдың басында дүние жүзінде коронавирусқа қарсы жарты миллиард екпе болады. Германия секілді дамыған елдер халқы арасында жаппай вакцинация жасай алуы мүмкін, алайда Чили, Аргентина, Бразилия секілді елдерге вакцина мүлде жетпеуі мүмкін.
"Әлем екіге бөлінеді: вакцинасы барлар мен жоқтар. Қажет инфрақұрылымы жоқ, халқы көп, бірақ денсаулық сақтау жүйесі нашар жұмыс істейтін елдерге қайдағы вакцина?", - дейі Штор.
Осылайша, сарапшының ойынша, инфекцияның дүние жүзі бойынша тарауы тоқтамайды да аурудың "қауіпті" толқыны басталады. Үшінші толқыннан кейін ғана адаамдардың 80 пайызы иммунитет пайда болғанын айта алады. Маманның болжамы бойынша, дүние жүзіндегі көптеген адамға тек 2-3 жылдан кейін вирус жұғады.
"Қыс вакцина пайда болғанға дейін келеді. Коронавирус жұқтырғандардың саны көп болады, оны тоқтату қиынға соғады, себебі адамдар жаңа шектеуге қарсы шығады. Пандемияны вакцина тоқтатпайды, вирустың өзі құрғақ отынды тапқан кезде тоқтайды", - дейді маман.
Сарапшы көптеген ел вакцина әзірлеп жатқандықтан бәрі жақсы болуы мүмкін екенін айтады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также