Коронавирусқа қарсы вакциналардың көп бөлігін бай елдер сатып алды - ДДҰ басшысы

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус жан басына шаққандағы табысы аз елдер мен табысы орташа мемлекеттердің көбі коронавирусқа қарсы вакцинаны алмағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Түрлі вакцинаның көп бөлігін бай елдер сатып алды. Сондай-ақ, COVAX қатысушылары, жан басына шаққандағы табысы жоғары және орташа елдер қосымша екіжақты келісімдер жасап жатқандарын көріп отырмыз. Бұл барлығына бағаны көтереді, яғни ең кедей және маргиналданған елдердегі қауіп тобындағы адамдар вакцина ала алмайды деген сөз", - деді Гебрейесус.

ДДҰ басшысы коронавирусқа қарсы вакцина 42 мемлекетте қолданыла басталғанын атап өтті: олардың 36-сында табыс жан басына шаққанда жоғары, ал алтауында орташа.

Реклама
Реклама

"Табысы аз елдер мен табысы орташа елдердің көбі әлі күнге дейін вакцина алмауына байланысты проблема айқын көрінеді", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама