02 қараша 2020 | 08:50

Коронавирустан қайтыс болғандар саны бойынша антирейтинг жаңарды

Фото: REUTERS©

Чехия кейінгі жеті күнде COVID-19-дан қайтыс болғандар саны бойынша дүние жүзінде бірінші орынға шықты. Бұған елдің ДСМ Еуропалық аурулардың алдын алу және бақылау орталығы (ECDC) жариялаған деректер дәлел, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Чехия кейінгі жеті күнде COVID-19-дан қайтыс болғандар саны бойынша дүние жүзінде бірінші орынға шықты. Бұған елдің ДСМ Еуропалық аурулардың алдын алу және бақылау орталығы (ECDC) жариялаған деректер дәлел, - деп хабарлайды РИА Новости

"Чехия жүз мың тұрғынға шаққандағы есеп бойынша коронавирустан қайтыс болғандар саны жағынан бұған дейін бұл көрсеткіште көш басында тұрған Андоррадан озып, дүние жүзінде бірінші орынға шықты. (...) Чехияда бұл көрсеткіш - 11,02, Андоррада - 7,88, әрі қарай Бельгия - 6,81, Армения - 6,19 және Черногория - 6,11 болып тұр. Чехияда соңғы жеті күнде 1174 адам қайтыс болды", - делінген ведомстваның хабарламасында.

Реклама
Реклама

Кейінгі тәулікте Чехияда 11 428 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы ауырғандар саны 188 492-ге жетті, оның 7673-і емделіп жатыр. 

Чехияда 5 қазаннан бастап төтенше жағдай режимі енгізілді. Жұма күні парламент депутаттары оны 20 қарашаға дейін ұзартуды қолдап, дауыс берді. ТЖ режимі аясында елде мектептер мен ЖОО, тамақтану орындары, мәдени мекемелер, дүкендер (азық-түліктен басқа) жабық және спорт жарыстарына тыйым салынды. Тұрғындарға көшеге маскасыз және қажет болмаса шығуға болмайды. 28 қазаннан 3 қарашаға дейін тұрғындарға сағат 21.00-ден 5.00-ге дейін себепсіз шығуға тыйым салынды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная