Коронавирусты жасаған біз емес - Ухан вирусология институты

Ухан вирусология институты ешқашан коронавирусты синтездемеген, оны жасанды жолмен шығарып, таратпаған. Бұл туралы Ухан ұлттық биологиялық қауіпсіздік зертханасының директоры, институттың ғылыми қызметкері Юань Чжимин мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ухан вирусология институты ешқашан коронавирусты синтездемеген, оны жасанды жолмен шығарып, таратпаған. Бұл туралы Ухан ұлттық биологиялық қауіпсіздік зертханасының директоры, институттың ғылыми қызметкері Юань Чжимин мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін Ухан вирусология институты COVID-19-ды зерттемеген. Ухан вирусология институты ешқашан коронавирусты синтездемеген, оны жасанды жолмен шығарып, таратпаған. Үшіншіден, институттың бірде-бір қызметкері мен студенті осы күнге дейін COVID-19 жұқтырмады", - деді Юань Чжимин брифингте. 

Ол бүгінде вирустың қолдан жасалып не зертханадан тарағанына қатысты бірде-бір дәлел жоғын атап өтті. 

Реклама
Реклама

"Ғалымдар арасында COVID-19 жасанды жолмен жасалған деген консенсус бар. Сарапшылар бүгінде вирустың жасанды жолмен өндіріліп не зертханадан тарағанына қатысты дәлел жоқ екені туралы мәлімдемелер жасады", - дейді Юань Чжимин. 

Еске салайық, коронавирус тарай бастағаннан бері түрлі БАҚ-та вирус Ухандағы вирусология институтынан тарап кеткен болуы мүмкін екені туралы жазылған болатын. Биыл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары Ухан вирусология институтына барып, зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын.  

ДДҰ сарапшыларының Қытайға сапары: зерттеу қалай жүріп жатыр?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама