ПОДЕЛИТЬСЯ
29 қараша 2021 | 09:35
Короновирустан айыққандарға "омикрон" штамының қаупі жоғары - ДДСҰ
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұрын короновируспен ауырған адамдарда "омикрон" штамын жұқтыру қаупі жоғары екенін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұрын короновируспен ауырған адамдарда "омикрон" штамын жұқтыру қаупі жоғары екенін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
ДДСҰ нақты ақпарат алдағы күндері нақтыланатынын айтты. Ұйым қазіргі уақытта қолданылатын ПТР тестілері инфекцияның жаңа штамын анықтай алатынын растады.
Бұған дейін ДДСҰ "омикрон" штамы жеткілікті деңгейде зерттелмегенін оның "дельта" штамынан қауіпті болуы мүмкін деген қорытынды жасауға әлі ерте екенін ескерткен. Сонымен бірге, ДДСҰ вакцина өлім-жітім мен аурудың азаюына айтарлықтай ықпал ететінін еске салған болатын.
Бұған дейін Африканың оңтүстігінде коронавирустың жаңа штамы B. 1.1.529 ("омикрон") табылған еді, ол "өте көп мутацияға ұшыраған". 26 қарашада ДДСҰ коронавирустың жаңа, тез мутацияланған нұсқасы анықталғанын ресми түрде жариялады.
"Омикрон" Еуропаның бірнеше елінде - Германия, Чехия, Италия, Ұлыбритания, Нидерланды және Бельгияда анықталды. Сондай-ақ, Гонконг, Израиль және Аустралияда вирустың осы нұсқасы тіркелгені хабарланды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также