ПОДЕЛИТЬСЯ
30 мамыр 2022 | 14:57
Қос қолынан айырылған ұлыбританиялыққа ерекше операция жасалды
Дәрігерлер қос қолынан айырылған Ұлыбритания азаматына ерекше операция жасады, - деп хабарлайды Daily Mail басылымы.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Дәрігерлер қос қолынан айырылған Ұлыбритания азаматына ерекше операция жасады, - деп хабарлайды Daily Mail басылымы.
Басылым мәліметінше, 13 жыл бұрын 48 жастағы Стивен Галлахерге тері мен ішкі ағзалардың тыртықтарын тудыратын аутоиммундық ауру - склеродермия диагнозы қойылған. Жеті жыл бұрын Стивеннің саусақтары ішке қарай майысып, жұдырығын түйе алмайтын дәрежеге жеткен. Жағдайы жақсармағаннан кейін қол буынын орналастырумен айналысатын маманға жүгінген. Алайда, дәрігер отаның қауіпті болатынын ескерткен.
Отаға әртүрлі саладағы 30-дан аса маман қатысқан. 2021 жылдың желтоқсанында Лидсте өткен ота 12 сағатқа созылған.
Стивен екі қолын ауыстырып салған склеродермияға шалдыққан әлемдегі алғашқы науқас атанды.
"Отадан кейін басқа әлемде жүргендей ояндым. Бәрі тез өтті. Ояна салып қолдарымды қимылдата алдым", - деді азамат.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также