08 желтоқсан 2021 11:01

Косово Еуропа Одағына кіруге өтініш беруді жоспарлап отыр

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Сурет ©РИА Новости

Косово Еуропа Одағына кіруге өтініш беруді жоспарлап отырғаны туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Косово Еуропа Одағына кіруге өтініш беруді жоспарлап отырғаны туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ЕО мен Косово арасындағы тұрақтандыру кеңесі мен қауымдастықтың кезекті отырысының қорытындысы бойынша баспасөз мәлімдемесінде айтылған. Отырыс Брюссельде Косово премьер-министрі Альбин Куртидің төрағалығымен өтті. Косово делегациясының құрамына премьер-министрдің орынбасары Бесник Бислими және министр Доника Гервалла, министр Хекуран Мурати кірді.

ЕО делегациясын сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкіл Жозеп Боррель басқарды. Сондай-ақ, көршілік мәселесі және кеңейту жөніндегі комиссар Оливер Вархели Еуропа комиссиясының өкілі ретінде қатысты.

Реклама
Реклама

"Косово ЕО мүшелігіне өтініш беруге ниетті екені туралы хабарлады", - делінген құжатта.

Тараптар Косово азаматтары үшін виза режимін ретке келтірудің маңызын тағы да атап өтті. Бұл ұсыныс бойынша шешім әлі де кеңесте қаралып жатыр. Тараптар негізгі салалардағы реформалардың басымдықтарын талқылап, Үкіметтің заң үстемдігін нығайтуға, сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күреске, мемлекеттік басқару реформасы мен экономикалық дамуға ниетті екенін атап өтті.

"Косово туралы кейінгі есебіміз Косовоның ЕО-ға байланысты реформаларға деген адалдығын қалпына келтірудегі әрекеті оң бағытта екенін көрсетті. Бұл міндеттеме тез нәтиже береді деп үміттенеміз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram