19 ақпан 2019 09:40

Қоян-қолтық ұрыс чемпионы көшеде төбелестен қаза тапты

© vk.com/gena.pavlov

Мәскеу орталығында төбелес салдарынан 22 жастағы қоян-қолтық ұрыстан Ресей чемпионы Геннадий Павлов қайтыс болды, - деп хабарлайды "Московский комсомолец".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеу орталығында төбелес салдарынан 22 жастағы қоян-қолтық ұрыстан Ресей чемпионы Геннадий Павлов қайтыс болды, - деп хабарлайды "Московский комсомолец".

17 ақпанда таңғы уақытта спорт шебері Тверь көшесіндегі Орталық телеграф ғимаратында 51 жастағы күзетшімен ерегесіп қалған. 

Реклама
Реклама

Ер адам жігіттен құжаттарын көрсетіп, не себепті келгенін сұраған. Ерегескен екеуі төбелесее кеткен. Бірнеше минуттан соң, екеуі де асфальттің үстінде тап болған, ер адам өз қарсыласының тыныс алмай жатқанын байқаған. Күзетші болған жағдайды басшылыққа айтып, өзі медициналық көмек көрсетпекші болған. 

Оқиға орнына жеткен дәрігерлер спортшының қайтыс болғанын айтқан. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары спортшының күзетілетін аймақта не істеп жүргенін анықтап жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, ол түнгі клубтан келе жатып, адасып кеткен. Сот медициналық сараптама оның неден қайтыс болғанын анықтайтын болады. Дәрігерлер спортшының кісі қолынан қаза болмауы да мүмкін деген пікірді де жоққа шығармайды. Негізгі себептердің бірі - жүрек жеткіліксіздігі болуы мүмкін. 

Бейнебақылау камералары төбелесті видеоға түсіріп алған.


© vk.com

Геннадий Павлов - Орлов облысындағы Ливны қаласының тумасы. 2016 жылы спортшы жастар арасында Ресей біріншілігінде әмбебап жекпе-жек бойынша 90 келіге дейін қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанған еді. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram