ПОДЕЛИТЬСЯ
08 қаңтар 2020 | 12:09
ҚР СІМ Иранда апатқа ұшыраған ұшақ бортында қазақстандықтар бар-жоғын анықтап жатыр
Украиналық Boeing 737 Тегеран әуежайының маңында апатқа ұшырады. Сыртқы істер министрлігі осы бортта қазақстандықтардың бар-жоғын тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі
ПОДЕЛИТЬСЯ
Украиналық Boeing 737 Тегеран әуежайының маңында апатқа ұшырады. Сыртқы істер министрлігі осы бортта қазақстандықтардың бар-жоғын тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі
"Қазақстанның Тегерандағы елшілігіне берген Иран СІМ-нің алдын ала мәліметі бойынша, Украина әуекомпаниясының құлаған ұшағында қазақстандықтар жоқ. Сонымен қатар, қазақстандық консул консулдық есепте тұрған барлық азаматты шақырады. Бүгінде есепте Қазақстанның 174 азаматы тұр", - деді министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров.
درخواست هلال احمر از مردم: در اطراف محل سقوط هواپیما تجمع نکنید
رییس سازمان امداد و نجات جمعیت هلال احمر از مردم خواست که از حضور و تجمع در اطراف محل سقوط هواپیمای اوکراینی خودداری کنند.https://t.co/qFroNGrX2s pic.twitter.com/tQs0fSQ82w
Еске салайық, мұның алдында Иранда 180 жолаушысы бар украиналық ұшақтың құлағаны хабарланған болатын. Лайнердің "техникалық ақауға" байланысты Имам Хомейни атындағы халықаралық әуежайы маңында апатқа ұшырағаны айтылады. Әуежай басшысы әуе апатын растады. Ол ұшақтың әуежайдан ұшып шыққан бойда апатқа ұшырағанын мәлімдеді.
"Әл-Жәзира" телеарнасының мәліметінше, "Украинаның халықаралық әуе жолдары" компаниясына тиесілі PS 752 рейсі Тегеран уақыты бойынша 5:15 ұшуы тиіс болған, алайда бортты бір сағатқа кідірген. Ұшақ 6:12-де ұшқан.
Показать комментарии
Читайте также