Красноярск өлкесінде Ми-8 тікұшағы құлап, 15 адам қаза тапты

Красноярск өлкесінде Ми-8 тікұшағы құлап, 15 адам қаза тапты © РИА Новости

Красноярск аймағында Ми-8 тікұшағы құлап, 15 адам қаза тапты, тағы 10 адам жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости Батыс-Сібір көлік прокуратурасының ресми өкілі Оксана Горбуноваға сілтеме жасап.

"Соңғы мәліметтер бойынша, 15 адам қаза тапты, 10 адам жансақтау бөлімінде жатыр", - деді прокуратура өкілі. Ми-8 тікұшағы Красноярск өлкесіндегі Туруханский ауданында жерге жедел қонуға мәжбүр болған. Болжам бойынша, онда 25 адам болды.

Красноярск аймағында Ми-8 тікұшағының құлауына техникалық ақаулар себеп болуы мүмкін. Тергеу органдары осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама