24 наурыз 2022 16:51

Кремль Ресейдің қорғаныс министрінің "жоғалып кетуі" туралы ақпаратқа жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ©РИА Новости

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Сергей Шойгудың "жоғалып кетуі" туралы БАҚ жариялаған ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Сергей Шойгудың "жоғалып кетуі" туралы БАҚ жариялаған ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Дмитрий Песковтың айтуынша, қазір қорғаныс министрі Сергей Шойгудың жұмысы көп.

"Арнайы әскери операция жүргізіліп жатыр. Әрине, қазір БАҚ-та белсенділік танытатын уақыт емес. Бұл түсінікті", - деді Песков Шойгудың ақпараттық кеңістіктен "жоғалып кетуіне" қатысты сұрақ қойған журналистерге.

Реклама
Реклама

"Агентство" басылымы министрдің денсаулығына қатысты хабарлама таратқан болатын. Песков ол басылымды тыңдаудың қажеті жоқ екенін айтты. Ол бұл сұрақтарды Қорғаныс министрлігіне қойған дұрыс екенін айтты.

Бұған дейін Аустралия Ресей президенті Владимир Путинге, сондай-ақ қорғаныс министрі Сергей Шойгу мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа қаржылық санкциялар салып, елге кіруге тыйым салған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram