Кремльде Путинді ұлықтау рәсімі өтіп жатыр

Кремльде Путинді ұлықтау рәсімі өтіп жатыр © РИА Новости / Максим Блинов

Ресейде Владимир Путин ант ?абылдап, президент ?ызметіне кірісті, деп хабарлайды life.ru.

Ресейде Владимир Путин ант қабылдап, президент қызметіне кірісті, деп хабарлайды life.ru.

Владимир Путиннің ант беру салтанатты шарасы Үлкен Кремль сарайының Андреев залында өтті. Конституциялық соттың төрағасы Валерий Зорькин оған мемлекеттік биліктің символдарын табыстап, Ресей Федерациясы президентінің қызметіне тағайындалғаны туралы хабарлады.

Реклама
Реклама

"РФ президенті лауазымын жүзеге асыру кезінде азаматтық уәкілдік пен құқықты сақтап, РФ Конституциясын қорғап, сақтауға, егемендік пен тәуелсіздікті, мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұтастығын сақтауға ант беремін. Халыққа адал қызмет етемін", - деді Владимир Путин.

Айта кетейік, Владимир Путин осымен төртінші рет президент қызметіне тағайындалды. Ол алдағы алты жылда Ресейді басқарады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама