19 шілде 2021 | 10:43

Криштиану Роналду көптің көңілін күпті еткен жазба жариялады

© instagram/cristiano

Футболдан туриндік "Ювентус" пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду көптің көңілін күпті еткен жазба жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футболдан туриндік "Ювентус" пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду көптің көңілін күпті еткен жазба жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ол Instagram-дағы парақшасында "Роллс-Ройспен" түскен суретін салып, оған "шешім қабылдайтын күн" деп жазған.

Реклама
Реклама

Бұған дейін туриндік клуб Роналдумен 2023 жылға дейін жаңа келісім жасағысы келетіні хабарланған болатын. Жаңа келісімшарт бойынша, португалиялық шабуылшының жалақысы жылына 31 миллион еуродан 20 миллионға дейін төмендейді.

Ал L'Équipe мәліметінше, "Ювентус" Роналдуды "Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Мауро Икардиге айырбастауы мүмкін.

Еске салайық, Роналду 2018 жылдан бері туриндік "Ювентусте" өнер көрсетеді. 36 жастағы португалиялық шабуылшы өткен маусымда 29 гол соғып, Италия чемпионатының үздік сұрмергені атанды. Роналдудың италиялық клубпен келісімшарты 2022 жылдың 30 маусымына дейін.

Ал Икарди 2019 жылы 80 миллион еуроға сатып алу құқығымен ПСЖ-ге өтті. 2020/21 жылғы маусымда Икарди барлық турнирде 26 матч өткізіп, 12 гол соғып, алты сәтті пас берді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram