14 ақпан 2023 | 09:29

Кішкентай қыздың жасаған қайырымдылық ісі Түркия елшісінің жүрегін елжіретті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Кішкентай астаналық қыз Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккен балаларға жинаған ақшасын берді. Ақша жинауға өз қолымен жасаған қорап Қазақстандағы Түркия елшілігіндегілердің жүрегін елжіретті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Кішкентай астаналық қыз Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккен балаларға жинаған ақшасын берді. Ақша жинауға өз қолымен жасаған қорап Қазақстандағы Түркия елшілігіндегілердің жүрегін елжіретті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Түркия елшісінің коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі Махмут Шевкет Байрам қайғылы оқиғадан кейінгі алғашқы күндерден бастап қазақстандықтардың қолдауын сезінетінін айтты.

"Бұл қорапты бізге кішкентай қыз әкеліп берді. Ақшасын Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге бергісі келетінін айтты", - дейді Махмуд Шевкет Байрам.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, оның сөзінше, апат болған жерлерде мобильді электр генераторлары, шатырлар, ұйықтайтын сөмкелер мен жылытқыштар жетіспейді.

Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша, қазақстандықтар Түркияға 3 миллион доллар көлемінде ақша жіберген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная