Куәгерлер Ресей-Украина шекарасындағы жарылыстардың видеосын жариялап жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент
Видео кадры/©Mash

Жергілікті тұрғындар Ресей мен Украина шекарасындағы бірқатар қалада жарылыс болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Mash Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғындар Ресей мен Украина шекарасындағы бірқатар қалада жарылыс болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Mash Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Ресейдің Белгород қаласының тұрғындары жарылыс болып, жаңғырығы бүкіл қалаға естілгенін айтты. Болжам бойынша, жаппай өрт жүйесінің іске қосылуынан шыққан дыбыс. Сондай-ақ, желіде куәгерлер түсірген кадрлар пайда болды.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде Донецк облысындағы Украинаның Мариуполь қаласында жарылыс болғаны хабарланды.

Украинаның Сумы облысы, Краснополье ауылының тұрғындары да осындай жағдайға куә болған.

Бұл ретте Ресей қорғаныс министрлігі РИА Новостиге жоғары дәлдіктегі қару-жарақ Украина әскерінің әскери инфрақұрылымын, әуе шабуылына қарсы қорғаныс нысандарын, әскери аэродромдарын және авиациясын істен шығарып жатқанын хабарлаған.

Бұған дейін Ресей Украинаға толыққанды шабуылды бастағаны хабрланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама