Кубада қонақүйде жарылыс болып, 32 адам қаза тапты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: twitter/Miguel Díaz-Canel Bermúdez

Гавана орталығындағы бес жұлдызды Saratoga қонақүйінде жарылыс болды. Қазіргі уақытта 32 адам қаза тапқаны белгілі, - деп хабарлайды НТВ.

Гавана орталығындағы бес жұлдызды Saratoga қонақүйінде жарылыс болды. Қазіргі уақытта 32 адам қаза тапқаны белгілі, - деп хабарлайды НТВ.

Қонақүйдегі жарылыс 7 мамырда таңертең болған. Ғимараттың қасбеті қирап, өрт шыққан. Билік теракт нұсқасын жоққа шығарып отыр. Қайғылы оқиғаның негізгі себебі ретінде цистернадан тұрмыстық газдың шығуы және жарылуы нұсқасы қарастырылып жатыр.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар үйінділерді тазартып, азаматтарды эвакуациялауға кіріскен.

Реклама
Реклама

Сенбінің кешінде жарылыс салдарынан 32 адам қаза тапқаны белгілі болған. Зардап шеккендердің саны әлі де нақты емес және артуы мүмкін. Тағы 19 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Сонымен қатар, кем дегенде 44 зардап шегуші ауруханада жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама