14 шілде 2021 | 11:43

Кубада наразылық шарасы өтіп, 115-тен аса адам қамауға алынды

Reuters

Куба үкіметіне қарсы жаппай наразылық кезінде кем дегенде 115 адам, оның ішінде тәуелсіз журналистер мен оппозиция белсенділері ұсталды, - деп хабарлайды France 24.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Куба үкіметіне қарсы жаппай наразылық кезінде кем дегенде 115 адам, оның ішінде тәуелсіз журналистер мен оппозиция белсенділері ұсталды, - деп хабарлайды France 24.

"Сан-Исидро" үкіметке қарсы ұйымы наразылықтан кейін ұсталған және хабар-ошарсыз кеткен 144 адамның тізімін жариялады, нәтижесінде бірнеше қалада мыңдаған кубалық көшелерге шыққан.

Реклама
Реклама

Ұсталғандардың ішінде диссиденттер Гильермо Фаринас, бұрынғы саяси тұтқын Хосе Даниэль Феррер, ABC испан газетінің кубалық тілшісі Камила Акоста және суретші Луис Мануэль Отеро Алькантара бар. "Сан-Исидро" қозғалысы мәліметі бойынша, Алькантара 32 сағаттан аса уақыт қамауда болған.

Театр директоры Юниор Гарсия, 27N қозғалысының жетекшісі де қамауға алынған.

"Бізге қоқыс сияқты қарады", - деді Гарсия. Ол Гаванадағы қамауға алу орталығына жіберіліп, онда ондаған жастар әкелінгенін көргенін айтты.

Елдегі тәуелсіз дереккөздер көмегімен қайтыс болғандардың нақты санын тексеру өте қиын, өйткені Кубада Интернет шектеулі. Куба билігі әзірге бір ереуілші - 36 жастағы ер адамның қайтыс болғанын растады. Оның өлімінің мән-жайы айтылмаған.

Айта кетейік, Кубада бірнеше онжылдықта алғаш рет экономикалық дағдарыс, электр энергиясы мен азық-түлік жеткізіліміндегі үзілістер салдарынан үкіметке қарсы жаппай наразылықтар өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная