ПОДЕЛИТЬСЯ
23 тамыз 2021 | 17:00
"Құдай жар болсын". Кабул тұрғындары дағдарысқа шағымданды
Ауғанстан астанасы Кабулда "Талибан" қозғалысы (Қазақстанда террористік ұйым деп танылып, тыйым салынған) билікке келгеннен кейін, азық-түлік бағасы шарықтап кетті, ал банктер әлі ашылған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ауғанстан астанасы Кабулда "Талибан" қозғалысы (Қазақстанда террористік ұйым деп танылып, тыйым салынған) билікке келгеннен кейін, азық-түлік бағасы шарықтап кетті, ал банктер әлі ашылған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттік мәліметінше, жергілікті тұрғындар Кабулда күделікті қолданысқа қажетті негізгі азық-түлік өнімдері, мысалы, ұн, май және күріш бірнеше күн ішінде 10-20 пайызға дейін қымбаттады деп шағымданып отыр. Алайда банктер әлі ашылмағандықтан адамдар ақшасын ала алмайды. Western Union кеңселері жабылғаннан кейін шетелден түсетін ақша аударымдары да азайып кеткен
"Мен мүлде шарасыз күйдемін. Өзімнің қауіпсіздігім туралы ойлаймын ба, балаларым мен отбасымды қалай асырау керек екенін ойлаймын ба білмеймін", - деді 260 доллар жалақысынан айырылған бұрынғы полиция қызметкері.
Ер адам бір апта бойы әйелінің жүзіктер мен сырғасын сатпақ болғанын, бірақ басқа кәсіпорындар сияқты алтын базарлары да жабылып қалғандықтан, сатып алушы таппағанын айтты.
Жергілікті ауған валютасының долларға шаққандағы құны төмендеп кеткен (1 доллар = 86.02 афгани - ескерту). Ал, негізгі азық-түлік тауарларының бағасы өсіп барады.
"Бәрі бітті. Үкімет қана емес, мен сияқты өмірі айлық жалақыға тәуелді болған мыңдаған адам құлады. Қарт анам ауырып жатыр, оған дәрі керек, ал балаларыма және отбасыма тамақ керек. Бізге Құдай өзі жар болсын", - деді бұрынғы мемлекеттік қызметкер.
Халықаралық көмек көрсету ұйымдары мәліметінше, Ауғанстанға коммерциялық рейстердің тоқтатылуы дәрі-дәрмек пен басқа да көмек жеткізу мүмкін емес екенін білдіреді.
Бұған дейін "Талибан" бұйрығымен Кабул әуежайынан барлық азаматтық рейс тоқтатылды, әуе айлағы екі күнге жабылады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также