"Күмәнім бар" - Трамп Boeing апаты туралы

"Күмәнім бар" - Трамп Boeing апаты туралы © Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеранда құлаған украиналық Boeing апатының себебі техникалық ақау дегенге күмәнмен қарайтынын мәлімдеді. Бұл туралы CBS News хабарлады.

АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеранда құлаған украиналық Boeing апатының себебі техникалық ақау дегенге күмәнмен қарайтынын мәлімдеді. Бұл туралы CBS News хабарлады.

"Бұл тұрғыда күмәнім бар", - деп мәлімдеді Трамп.

Ол болған оқиғаны қайғылы оқиға деп атады, алайда оның айтуынша, "арғы беттегі әлдекім қателесуі мүмкін".

Жарнама
Жарнама

Еске салайық, Киевке бағыт алған Boeing 737-800 ұшағы таңғы уақытта Тегерандағы әуежайдан ұшып шыққан бетте апатқа ұшыраған. Ресми мәлімет бойынша, 176 адам қаза тапқан: 167 жолаушы Иран, Украина, Канада, Германия, Швеция, Ауғанстан азаматтары және экипаждың 9 мүшесі.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама