04 шілде 2021 | 11:09

Күн ыстықта көлікте отырған екі қыз қайтыс болды

Фото: РИА Новости

Ресей екі кішкентай қыз күннің ыстығында аулада тұрған көлікте қайтыс болды. Оқиға Ресейдің Ростов облысының Каменский ауданында болған. Тергеушілер қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресей екі кішкентай қыз күннің ыстығында аулада тұрған көлікте қайтыс болды. Оқиға Ресейдің Ростов облысының Каменский ауданында болған. Тергеушілер қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Тергеу мәліметінше, сенбі күні 2017 және 2019 жылы туған екі қыз аулада ойнап жүріп, бір кезде жақын жерде тұрған көлікке отырған. Анасы оларды таба алмай, полицияға хабарласқан. Артынша екі қыз көліктен табылған, екеуі оқиға орнында қайтыс болған.  

"Алдын ала мәлімет бойынша, олардың қайтыс болуына жоғары температура себеп болған", - дейді тергеу комитетінің өкілі. 

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, сот-медициналық сараптама тағайындалған. 

Айта кетейік, маусымның ортасынан бері Ростов облысында күн ыси бастаған. Сенбіде құтқарушылар дауылды ескерту жариялаған. Олардың мәліметінше, облыстың оңтүстік және шығыс аймағында ауа температурасы 40 градусқа дейін жетеді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная