16 желтоқсан 2023 17:54

Кувейт әмірі Наууаф әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах қайтыс болды

Кувейт әмірі қайтыс болды. Бұл туралы елдің мемлекеттік телеарнасы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Al Jazeera арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кувейт әмірі қайтыс болды. Бұл туралы елдің мемлекеттік телеарнасы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Al Jazeera арнасына сілтеме жасап.

Әмір 86 жаста болған. Қарашаның аяғында оның "денсаулығына байланысты" шұғыл ауруханаға жатқызылғаны белгілі болды.

Реклама
Реклама

Наууаф әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах Кувейтті 2020 жылдан бері басқарып келеді. Ол әмірлік лауазымды туған ағасы IV Сабах қайтыс болғаннан кейін алды.

Ас-Сабах әулеті Кувейтті XVIII ғасырдың ортасынан бастап билеп келеді. Наууаф әл-Ахмад әл-Джабер осы әулеттің он алтыншы билеушісі және Кувейт Ұлыбританиядан тәуелсіздік алғаннан кейінгі алтыншы әмір болды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram