КХДР Корей түбегінде соғыс басталатынын мәлімдеді

КХДР Корей түбегінде соғыс басталатынын мәлімдеді Иллюстрациялық сурет. © Bloknot.ru

А?Ш пен О?т?стік Кореяны? бірлескен ?скери жатты?улары, сондай-а? америкалы? шенеуніктерді? м?лімдемелері ??рама Штаттарды? ?ХДР-ге со??ы жасайтынын к?рсетіп отыр, - деп хабарлайды Кореяны? орталы? телеграф агенттігі солт?стік кореялы? СІМ-ге сілтеме жасап. 

АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен әскери жаттығулары, сондай-ақ америкалық шенеуніктердің мәлімдемелері Құрама Штаттардың ҚХДР-ге соққы жасайтынын көрсетіп отыр, - деп хабарлайды Кореяның орталық телеграф агенттігі солтүстік кореялық СІМ-ге сілтеме жасап. 

Дипломаттар "ҚХДР-ге қарсы бағытталған америкалық саясаткерлердің мәлімдемелері мен жаттығулары алаңдатып отырғанын" атап өтті. 

Солтүстік Кореяның Сыртқы істер министрлігі мұның бәрі ҚХДР-дің соғысқа дайындалу керектігін білдіріп отырғанын мәлімдеді. 

Реклама
Реклама

АҚШ пен Оңтүстік Корея әскерінің біріккен жаттығулары 4 желтоқсанда басталып, 8 желтоқсанда аяқталады. БАҚ мәліметі бойынша, бұл ең көлемді жаттығу шаралары болмақ. Әскери жаттығулар Солтүстік Кореяның қарашаның соңындағы зымыран сынақтарына байланысты өткізіліп отыр. 

Мұның алдында Ресей мен Қытай Солтүстік Кореяға ядролық қару мен зымырандарды сынауға мораторий жариялауды, ал АҚШ пен Оңтүстік Кореяға - әскери жаттығуларды өткізуді шегеруін ұсынған. Бұл аймақтағы жағдайды тұрақтандыру үшін жасалуы тиіс шара еді, алайда, Вашингтон бұл ұсынысқа құлақ аспады. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама