ПОДЕЛИТЬСЯ
24 ақпан 2022 | 12:00
"Қылмыстық бұйрықтарды орындамаңыздар". Путин Украина әскеріне үн қатты
Владимир Путин теледидар арқылы сөйлеген сөзінде Украина әскеріне үн қатып, қаруларын тастап, үйлеріне қайтуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Владимир Путин теледидар арқылы сөйлеген сөзінде Украина әскеріне үн қатып, қаруларын тастап, үйлеріне қайтуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Құрметті жолдастар, сіздердің әкелеріңіз, аталарыңыз бен арғы аталарыңыз фашистермен бүгінгі нео-нацистер Украинадағы билікті басып алуы үшін емес, ортақ Отанымызды қорғау үшін соғысты", - деді Путин.
Ол украин әскері "Украинаны тонап, халықты мазақ ететін анти-халықтық хунтаға емес", өз халқына ант бергенін атап өтті.
"Оның қылмыстық бұйрықтарын орындамаңыздар. Сіздерді дереу қару-жарақты жинап, үйге қайтуға шақырамын. Түсіндірейін: бұл талапты орындайтын украин әскерінің барлық әскери қызметшісі ұрыс аймағынан кедергісіз өтіп, отбасына орала алады", - деді Путин.
Ол "болуы мүмкін қантөгіс үшін барлық жауапкершілік Украина аумағында билеуші режимнің ар-ұжданына толықтай жүктелетінін" айтты.
Бұған дейін Путин Ресей азаматтарына жолдауында Донбассты қорғау үшін арнайы әскери операция ұйымдастыру туралы шешім қабылдағанын айтқан еді.
Оның айтуынша, мұндай шешім ДХР және ЛХР басшылары Денис Пушилин мен Леонид Пасечник Украинаның Қарулы күштері тарапынан басқыншылық әрекетке қарсы тұруға көмек сұрап жүгінгеніне байланысты қабылданған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также