Қымбат көліктер тиелген кемедегі өрт сөнді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Қымбат көліктер тиелген кемедегі өрт сөнді Фото ©REUTERS

Атлант мұхиты мен Португалияның Азор аралы маңында қымбат көліктер тиелген Felicity Ace жүк кемесіндегі өрт сөндірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Атлант мұхиты мен Португалияның Азор аралы маңында қымбат көліктер тиелген Felicity Ace жүк кемесіндегі өрт сөндірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Азор аралына ең жақын порт капитаны Файал Хуан Мендес Кабесастің айтуынша, өрт тек өрт сөндірушілердің күшімен ауыздықталмаған. Өрт жанатын ешнәрсе қалмағандықтан өздігінен өшкен. Кеме Германиядан АҚШ-қа Volkswagen, Porsche, Audi және Bentley сияқты 4000-ға жуық жаңа көлік алып бара жатқан.

©REUTERS

Жарнама
Жарнама

"Өрт кемеде жанатын еш нәрсе қалмағандықтан соңғы сағаттарда өздігінен сөнді", - деді Кабесас.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама