28 шілде 2022 16:07

Қырғыз милициясы аптаппен күресудің ерекше жолын тапты

Дина Шарипханова Корреспондент
Видео кадры

Қырғыз милициясы аптаппен күресудің ерекше жолын тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғыз милициясы аптаппен күресудің ерекше жолын тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бішкек қалалық Ішкі істер бас басқармасының (ІІББ) ресми парақшаларында видео жарияланды. Онда митингке шыққандарды таратуға арналған суатқыштар жолдарды ғана емес, сонымен қатар тұрғындарды да салқындатуға қолданылғаны түсірілген. Кадрларда асфальт пен жасыл желекке су шашып жүрген техникалар көрінеді.

Реклама
Реклама

ІІББ баспасөз қызметі мәліметінше, бұл бастама қала тұрғындары мен Бішкек қонақтарының арасында тек жағымды эмоция тудырған.

"Суатқыш зеңбірегі бар техника әсіресе балаларға ерекше ұнады. Жасанды жаңбырға қуанған балалар, айналада жүгіріп, асыр салды", - деді Бішкек қалалық ІІББ баспасөз қызметінің жетекшісі Ұлан Жұмақов.

Қырғызстандағы аптапқа байланысты суатқыштар қолданылып жатыр. Ауа температурасы бірнеше өңірде 42 градусқа жетті. Метеорологиялық бақылаулар тарихында шілдедегі ең ыстық күн 27-сі болды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram