14 мамыр 2021 | 08:55

Қырғыз-өзбек шекарасында ауыл тұрғындары арасында жанжал шықты

Көрнекі сурет: knews.kg

Қырғыз-өзбек шекарасында көрші ауылдардың екі тұрғыны төбелесіп қалды. Министрлер кабинетінің Баткен облысындағы өкілетті өкілінің сөзінше, жанжал шешілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қырғыз-өзбек шекарасында көрші ауылдардың екі тұрғыны төбелесіп қалды. Министрлер кабинетінің Баткен облысындағы өкілетті өкілінің сөзінше, жанжал шешілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өкілдің мәліметінше, Сай айылы ауылы және Сох ауданы, Чашма ауылы тұрғындары сөзге келіспей, артынша төбелес шығарған. Бұл жайттан кейін шекарада ауыл тұрғындары жиналған. 

Оқиға орнына келген қауіпсіздік қызметкерлері мен жергілікті билік өкілдері жиналғандар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кейін адамдар үйіне қайтты. Жанжал шығарғандар татуласты.

Реклама
Реклама

Еске салайық, биыл сәуірдің аяғында қырғыз-тәжік шекарасында дәл осындай оқиға болған еді. Жанжал кезінде 46 адам қаза тапты, оның ішінде, балалар, қарапайым азаматтар мен әскерилер бар. Артынша екі ел президенті жанжалды тоқтату туралы келісімге келді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная