16 қыркүйек 2022 09:27

Қырғыз-тәжік шекарасында тағы да қақтығыс басталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Бітімге қарамастан Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында тағы да қақтығыс басталды. Тараптар бірін-бірі айыптап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бітімге қарамастан Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында тағы да қақтығыс басталды. Тараптар бірін-бірі айыптап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап.

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара қызметі тәжік тарапы қырғыз ауылдарын атқылай бастағанын мәлімдеген.

"Тәжік тарапы Баткен облысы Лейлек ауданындағы Кулунду, Мақсат және Жаңа-Жер учаскелерін атқылайды. Қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасының барлығында қарулы қақтығыстар болып жатыр", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Ал, Тәжікстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара әскерлерінің баспасөз орталығы, керісінше, шабуылға қырғыз әскерилерін айыптады.

"16 қыркүйек таңғы сағат 04:50 шамасында Қырғыз Республикасының Баткен шекара отрядына қарасты "Көктөш" шекара заставасының шекарашылары келісімді бұзып, Исфара шекара отрядына қарасты Душанбе шекара заставасына оқ жаудырды. Тәжікстан да күш қолданды. Қырғызстандық әскерилер Қожай-Аало, Куммазар, Сурх, Сомонян елді мекендеріне, Исфара қаласының Кулканди, Хистеварз және Бабаджон-Гафуров ауданына қарасты Овчикалачай елді мекендеріне шабуыл жасады", - делінген АМИТ "Ховар" агенттігінің хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram