ПОДЕЛИТЬСЯ
26 қазан 2020 | 10:47
Қырғыз-тәжік шекарасында тағы да қақтығыс болды
Қырғыз-тәжік шекарасында тағы да қақтығыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қырғыз-тәжік шекарасында тағы да қақтығыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Шекара әскерлерінің баспасөз орталығының мәліметінше, 25 қазанда Тәжікстанның Исфарин ауданындағы Ходжаи Аъло ауылының тұрғындары ауыл ішінде ескі су құбырларын алмастырған, бірақ бұл уақытта 25-30 қарулы қырғыз шекарашылары тұрғындардан жұмысты тоқтатуды талап етіп, "бұл жер даулы аумақ екенін айтып, халыққа атыс қаруынан оқ жаудырған".
"Ходжай Аъло ауылының тұрғындары қырғыз шекарашыларының атысынан зардап шеккен жоқ. Қақтығыс болған жердегі жұмыстар уақытша тоқтатылды", - деп хабарлады баспасөз орталығы.
Қырғызстанның шекара қызметіндегілер 24.kg басылымына бұл қақтығыс шамамен 16.45-те Баткен ауданының Уч-Добо аймағында болғанын айтқан. Тәжікстандықтар онда су құбырларын сала бастаған.
"Оқиға орнына келген Қырғызстанның шекара жасағы мемлекеттік шекараға жатпайтын учаскеде жұмысты тоқтатуды талап етті. Алайда Тәжікстан азаматтары талапқа бағынбай, онда дау шыққан. Әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау, сондай-ақ оқиғаның ушығуына жол бермеу үшін Қырғызстан шекарашылары әуеге ескерту оқ атуға мәжбүр болды. Қазір жұмыстар тоқтатылды", - дейді ведомстводағылар.
Тәжікстан мен Қырғызстан шекарашылары арасында екі елдің атқарушы билік органдары өкілдері келіссөздер жүргізіп жатқаны айтылады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также