02 мамыр 2021 | 16:11

Қырғыз-тәжік шекарасындағы атыс: Бәткен тұрғынының үйіне зымыран түскен

Фото: Қырғызстан МҰҚК

29 сәуірде Ақтатыр ауылдық кеңесіне қарасты Ортобоз аулы тұрғынының үйіне авиациялық зымыран түсті. Ол кезде тәжікстандықтар "Ми-24" тікұшағынан оқ атқан. Бұл туралы Қырғыз Республикасының Шекара қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды 24.kg.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

29 сәуірде Ақтатыр ауылдық кеңесіне қарасты Ортобоз аулы тұрғынының үйіне авиациялық зымыран түсті. Ол кезде тәжікстандықтар "Ми-24" тікұшағынан оқ атқан. Бұл туралы Қырғыз Республикасының Шекара қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды 24.kg.

"Бүгін Ортобоз аймағында тәжік әскери қызметшілері Төрт-Кошо және Чыр-Добо аудандарын әуеден атқылау кезінде 29 сәуірде жергілікті тұрғынның үйіне түскен авиациялық зымыран табылды", - делінген хабарламада. 

Үйде тұрып жатқан отбасы зардап шекпеді - зымыран қосылмай қалған. Қазір оқиға орнында тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. 

Реклама
Реклама

Қырғызстан Шекара қызметінің хабарына қарағанда, 13:00-дегі жағдай бойынша, қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай тұрақ. 

Бәткен облысындағы ауылдардың тұрғындары қақтығыстан кейін үйі қандай жағдайда екенін көрсетіп жатыр. Тұрғындар видео мен суреттерді әлеуметтік желілерде жариялаған. 

 

Шекарадағы қақтығыс 28 сәуірде басталған. 29 сәуірде кешке Қырғызстан мен Тәжікстан атысты тоқтатуға келіскен. Алайда кей жерде атыс қайта басталған болатын. Кеше тараптар бейбіт келісімге келу бойынша екінші әрекетке барып, атыс тоқтатылғанын жариялаған. 

178 жәбірленуші медициналық көмекке жүгінген, 34 адам қаза болған, оның ішінде бір бала бар. Қақтығыс аймағынан 33 мыңнан аса адам эвакуацияланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная