ПОДЕЛИТЬСЯ
09 шілде 2021 | 10:30
Қырғыз-тәжік шекарасындағы атыс: қаза тапқандар бар
Қырғызстандық сарбаз Тәжікстанмен шекарадағы атыс салдарынан қаза тапты. Тәжік тарапында да қаза болғандар мен жараланғандар бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қырғызстандық сарбаз Тәжікстанмен шекарадағы атыс салдарынан қаза тапты. Тәжік тарапында да қаза болғандар мен жараланғандар бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
"Қырғызстан Республикасының шекара жасағына тәжік шекарашыларының қарулы шабуылы нәтижесінде Қырғызстанның ҰҚК (Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті - ескерт.) Шекара қызметінің 1994 жылы туған сержанты Хуснидин Хожиев қаза тапты. Шекарашының өлімінің мән-жайы анықталып жатыр", - деді ҰҚК баспасөз қызметінің өкілі.
Оның айтуынша, қырғыз шекара қызметінің алдын ала мәліметтері бойынша Тәжікстан тарапында да қаза тапқандар мен жараланғандар бар. Алайда тәжік тарапы қанша адам қаза болып, зардап шеккенін нақтыламай отыр.
"Оқиға орнында ҚР ҰҚК-нің Баткен облысы бойынша Шекара қызметі басқармасының бастығы полковник Қ.Толонбаев пен күш құрылымдарының басшылары бар. Қырғызстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасының шекара өкілдері осы факт бойынша іс жүргізіп жатыр", - деді баспасөз қызметіндегілер.
Бұған дейін Бішкекте Қырғызстанның шекара жасағы Чашмагильдан асуындағы мемлекеттік шекараның қырғыз-тәжік учаскесінде Тәжікстан шекарашыларының шабуылына ұшырағаны хабарланған болатын. Әскери күштер арасында атыс болған. Өз кезегінде Душанбе қырғыз шекарашыларын шекараны бұзды деп айыптады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также