01 мамыр 2021 14:22

Қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай қайта шиеленісе түсті

Фото © Sputnik / Виталий Белоусов

Қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасындағы жағдай шиеленісе түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасындағы жағдай шиеленісе түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап. 

Қырғызстан МҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, Баткен облысының Арқа жерінде тәжік әскери қызметшілері қырғыз азаматтарының тұрғын үйлеріне оқ жаудырды. Бұл ауылдың тұрғындары эвакуацияланған болатын. Қалыптасқан жағдайға байланысты ҰҚК ШҚ шекара бөлімшелері қорғаныс позициясын ұстанып отыр.

Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 1 мамырда қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс кезінде Интернационал ауылынан тағы екі адам қаза тапты. Алдын ала мәліметтер бойынша, оларға оқ тиген. 

Реклама
Реклама

"Сот сарапшылары өлімнің уақыты мен нақты себебін анықтайды", - деді Қырғызстанның денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Алымқадыр Бейшеналиев.

Ол тағы бір жаралы имам ауруханаға жеткізілгенін атап өтті. Бейшеналиев қақтығыс кезінде барлығы қанша адам зардап шеккенін айта алмады.

"Қазір біз шекарада, Кулунда ауылындамыз, медициналық көмек көрсетіп жатырмыз. Аурухана шекарада. Біз оны жауып, СМО-ға ауыстырдық. Зардап шеккендер туралы барлық дерек штабқа жіберіледі", - деді ол.

1 мамырда баткенде шекараларды делимитациялау және демаркациялау жөніндегі үкіметаралық комиссия мүшелерінің келіссөздері басталуы тиіс. Алайда Тәжікстан өкілдері кездесуге әлі келген жоқ.

Бұған дейін 1 мамырда таңертең қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай тұрақты екені хабарланған болатын. Өткен түнде атыс болған жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram