05 маусым 2021 | 17:05

Қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай шешілді - ҰҚК

© 24.kg

Қырғыз-тәжік шекарасындағы мәселе шешімін тапты, эвакуацияланған тұрғындар ауылдарға оралады. Бұл туралы журналистерге Қырғызстан МҰҚК басшысы Қамшыбек Ташиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қырғыз-тәжік шекарасындағы мәселе шешімін тапты, эвакуацияланған тұрғындар ауылдарға оралады. Бұл туралы журналистерге Қырғызстан МҰҚК басшысы Қамшыбек Ташиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, кеше тәжік тарапымен келіссөздер нәтижесіз өтті. Сондықтан қырғыз билігі Ош облысының Чон-Алай ауданының бірнеше ауылының тұрғындарын қауіпсіз жерге эвакуациялауды ұйғарған.

"Кеше біз Тәжікстанның шекара маңындағы мәселелер жөніндегі мемлекеттік комиссиясының басшысы генерал-полковник Саймумин Ятимовпен келіссөздер жүргіздік. Кешегі келіссөздер нәтижесіз болды, сондықтан біз тұрғындарды эвакуациялауға мәжбүр болдық. Бүгінгі кездесу Бішкек уақыты бойынша сағат 13.00-де аяқталды. Мәселе оң шешімін тапты деп айта аламын. Біз бірлесіп 7-8 тармақтан тұратын хаттама қабылдадық. Екі сағатта оларды жариялаймыз", - деді Қамшыбек Ташиев.

Реклама
Реклама

Ол қырғыз әскерлерін шығару, сондай-ақ эвакуацияланған тұрғындарды үйлеріне қайтару бойынша бұйрық шығаратынын айтты.

"Біз қол жеткізген уағдаластықтарды бұзбадық және алдағы уақытта да бірлесіп қабылданған келісімдер шеңберінде әрекет етеміз", - деді Қырғызстан МҰҚК басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная