Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс: 10 мың қырғызстандық эвакуацияланды

Қырғызстан билігі шекараның қақтығыс болып жатқан аймағынан адамдарды эвакуациялауды жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қырғызстан билігі шекараның қақтығыс болып жатқан аймағынан адамдарды эвакуациялауды жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі ақпараты бойынша, қазіргі уақытта барлығы 10 215 адам қауіпсіз жерге көшірілген.

"Баткен облысының Баткен және Лейлей ауданының тұрғындары қауіпсіз жерлерге эвакуацияланды. Баткен қаласының қонақүйлері мен мектептеріне 1409 адам эвакуацияланды", - деді ведомство өкілдері.

Реклама
Реклама

Бұған дейін азаматтарды эвакуациялау үшін 13 арнайы техника, ҚР ТЖМ-ның 156 қызметкері, сондай-ақ аудандық Азаматтық қорғау қызметінен 60 көлік жұмылғаны айтылған болатын.

Адамдар мектептерге, қонақүйлерге және туыстарының үйлерінде орналастырылып жатыр.

Үкіметтің баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, шекара маңындағы ауылдардан эвакуацияланған барлық тұрғын ыстық тамақ және қажетті заттармен қамтамасыз етілген.

Бұған дейін оларға Қырғызстан премьер-министрінің орынбасары Артем Новиков келген болатын.

Зулайка Эркимбаева, Бішкек

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама