ПОДЕЛИТЬСЯ
23 қараша 2020 | 16:57
Қырғызстан атауын өзгерту ұсынылды
"Кыргыз жолу" қоғамдастығының төрағасы Қадырбек Кошалиев Қырғызстан атауын өзгертуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Кыргыз жолу" қоғамдастығының төрағасы Қадырбек Кошалиев Қырғызстан атауын өзгертуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап.
Бішкекте кезекті конституциялық кеңес өтіп жатыр. Кошалиев Конституцияға ел атауын "Қырғыз Халық Республикасы" деп жазуды ұсынды. Оның айтуынша, негізгі заңның жобасында халық құрылтайы деген түсінік енгізіліп жатқандықтан, тиісінше халық республикасы болуы керек.
"Біз Конституцияға алғаш рет ресми түрде халық құрылтайы институтын енгізіп отырмыз. Халық билігі және мемлекеттік басқару деген түсінік бар. Бүгінде мемлекеттік машина халықты басып алды. Ешбір елде халық билігі жоқ, бізде олигархтардың билігі. Халық ықпал ететін күш керек. Барлық жоғары лауызымды халық құрылтайында бекіту керек. Сонда біз жемқорлықтың минимум деңгейіне жетеміз және шенеуніктердің жауапкершілігі артады", - деді ол.
Еске салайық, Қырғызстанда Жогорку Кенештің 80 депутаты Конституцияның жаңа жобасын және референдум өткізу туралы заң қабылдауды ұсынды. Ол 10 қаңтарда өтеді деп көзделген. Конституцияның жобасы парламенттің ресми сайтында қоғамның талқылауына шығарылған.
Конституцияны өзгерту - о бастан Қырғызстан премьер-министрі Садыр Жапаровтың бастамасы болған. Ол бұл туралы бірнеше рет айтты. Алайда негізгі заңды қайта жазып шығу мәселесін көтеру парламенттің алтыншы шақырылымындағы депутаттарға жүктелді. Ал депутаттардың қызметі 28 қазаннан кейін заңсыз болып қалды - өкілеттік мерзімі аяқталған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также