Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қырғызстан ЕАЭО-ның толық құқылы мүшесі болды

12 Тамыз 2015, 09:19
4
© Kremlin.ru
© Kremlin.ru

Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одақтың толық құқылы мүшесі болды. Айта кетейік, бұл Одаққа Қазақстан, Ресей, Беларусь және Армения кіреді. Қырғызстанның Қазақстанмен шекарасындағы кедендік бақылау доғарылды. Бұл туралы RT телеарнасы Еуразиялық экономикалық одақтың комиссиясына сілтеме жасай отырып хабарлады.

"12 тамызда Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы туралы келісімшарт күшіне енді. Қырғызстан Одақтың толық құқықты мүшесі болды", - деп жазылған хабарламада.

"Қырғызстанның ЕАЭО-ға кіруі жаңа мүмкіндіктер ашады. Тауар, капиталдар мен түрлі қызметтердің жолындағы тосқауылдар жойылады. Инновациялық жаңа мүмкіндіктер туындап, энергетика, транспорт, ауылшаруашылық саласында инфрақұрылымдық ірі жобалар жүзеге асады. Қырғызстан азаматтары Одаққа мүше елдерде қиындықсыз жұмысқа орналаса алады", - деді ЕЭК.

РИА Новостидің  мәліметінше, 12 тамыздағы Қырғызстан-Қазақстан кедендік бақылауды доғару рәсіміне екі елдің басшылары қатысады.

Қырғызстанда бірыңғай кедендік тариф пен Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикасы аясында бірыңғай тауар номенклатурасы іске қосылады. Сонымен қатар, Кедендік одақтың техникалық регламенттеріне сәйкес өнімге бірыңғай талап енгізіледі: құжаттар, өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжат. 

Экономистер шекара ашылғаннан кейін елде Қырғыстаннан шыққан арзан тауарлардың қаптайтынын, бұл қазақстандық алыпсатарларға ауыр соққы болатынын болжады. Ұсақ кәсіптің иелері көп зардап шегеді, ал екі елдің нарығын қамтамасыз етіп отырған қазақстандық компаниялардың істері өрге басады.

"Одаққа кіргеннен кейін кеден болмайды. Қырғызстаннан Қазақстанға немесе керісінше тауар өткізген жағдайда ешкім сіздің тауарыңызды тексермейді. Осыған орай Қырғызстанның Қазақстанға экспорты өседі", - деді Қазақстан кедендік делдалдар ассоциациясының төрағасы Геннадий Шестаков "Алматы" телеарнасына берген сұхбатында.

"Экономика жағына келсек, Қазақстанда бірнеше уақыт арзан жұмыс күші мен тауарлар қаптайды. Бұл кезде қазақстандық кәсіпкерлер Қырғызстан тауарларын басқа елдерге өткізе алады", - деді консалтингтік компанияның қызметкері Салтанат Абаева.

Автомобиль бағасының арзандауына келсек, Қазақстан отандық автомобильдерді қорғау мақсатында Қырғызстанға 2014 жылдың 1 қаңтарынан кейін келген автомобильдерді ғана елге әкелуге рұқсат берді.

 

Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (4)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай