09 қазан 2018 | 13:42

Қырғызстан Қазақстаннан жұмыртқа мен құс етін кіргізуге шектеу қойды

© РИА Новости

Қырғызстан Қазақстанның Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарының құс еті мен жұмыртқасын кіргізуге уақытша тыйым салды. Құжатты Қырғызстанның ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік мемлекеттік инспекциясы шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстан Қазақстанның Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарының құс еті мен жұмыртқасын кіргізуге уақытша тыйым салды. Құжатты Қырғызстанның ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік мемлекеттік инспекциясы шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап.

Шектеу құс тұмауы мен Ньюкасл дертіне байланысты эпизоотиялық жағдай анықталғанша сақталады. Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарынан тірі құсты, инкубациялық жұмыртқаны, зообақ және цирк жануарларын апаруға тыйым салынған.

Реклама
Реклама

Құжатқа сәйкес, тыйым салынғандар арасында құс еті, жұмыртқа ұнтағы, тоңазытылып араластырылған жұмыртқаның ақуызы мен саруызы, альбумин және жұмыртқамен жасалған өзге де азық-түлік бар. Жем, құстарға арналған қоспалар, мамық, құстың жүнін және аңшылық олжаны ол елге апаруға болмайды.

Сонымен қатар, АШМ Ветеринариялық бақылау комитеті Ресейден тірі құс, олардан жасалған азық-түлік пен құстарға арналған жемді кіргізуге қойған шектеуінің мерзімін ұзартты. Бұл шешім Ростов облысындағы құс фабрикасында биыл қазанда құс тұмауының шығуына байланысты қабылданған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная