06 маусым 2021 16:45

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарадан әскерлерін шығарды

Қырғызстан мен Тәжікстан екі елдің шекарасынан әскерлерін шығарды. Бұл туралы Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметі баспасөз орталығы мәлім етті, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан мен Тәжікстан екі елдің шекарасынан әскерлерін шығарды. Бұл туралы Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметі баспасөз орталығы мәлім етті, - деп хабарлайды РИА Новости

"Қырғызстан мен Тәжікстан үкіметтік делегациялары арасында қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау туралы келіссөз нәтижесінде тараптардың қосымша күштерін тұрақты орналастыру орындарына апару аяқталды", - деді баспасөз қызметінің өкілі.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта шекарадағы жағдай тұрақты.

Реклама
Реклама

"Мемлекеттік шекараның қырғыз-тәжік бөлігінде орналасқан ҚР Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің ШҚ бөлімшелері қызметін күшейтілген режимде жалғастырады", - деді ведомстводағылар.

Қырғызстан шекара қызметінің мәліметінше, тәжік әскерилері 3 маусымға қараған түні шекараның сипатталмаған бөлігіне контейнер орната бастаған және Қырғызстанның Ош облысының аумағына бір шақырымдай өтіп кеткен. Орнатуға көптеген әскери қызметкер, автомобиль және жеңіл броньды техникалар жұмылған. Осы оқиғаға байланысты Бішкек Душанбені шекаралар туралы келісімді бұзды және жағдайды ушықтырды деп айыптаған, Қырғызстан шекара қызметінің жеке құрамы қызметтің күшейтілген нұсқасына көшірілген.

Бұған дейінгі екі елдің шекарасында сәуір соңында болып, екі жақтан да 50-ден аса адамның өмірін қиған қақтығыс басқа аймақта - Қырғызстанның Баткен облысымен шекаралас жерде болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram