10 наурыз 2022 | 15:24

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атыс болды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарашылары арасында атыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарашылары арасында атыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап.

Қырғызстан шекара қызметінің деректеріне сәйкес, шамамен сағат 10.50-де Баткен ауданының Тескей шекара аумағында Тәжікстанның шекара жасағы бұрынғы қозғалыс бағытын өзгертіп, күзеттің жаңа шебіне шығып, Қырғызстан шекарашыларынан осы аумақтан кетуін талап еткен.

Реклама
Реклама

Портал мәліметінше, көп ұзамай Тәжікстан шекарашыларына қосымша күш келіп, олар сан жағынан басым екенін пайдаланып, жаңа шекараға шығуға тырысқан. Қырғыз шекарашылары өз кезегінде қарсылық көрсеткен. Атыс шамамен 10 минутқа созылған.

Қырғыз тарапынан жаралылар мен зардап шеккендер жоқ. Алайда алдын ала мәліметтер бойынша, тәжік тарапынан жараланғандар бар.

24.kg мәліметінше, екі елдің шекара өкілдері шекара жасақтарын оқиға орнынан алып кетуге шешім қабылдаған. Сонымен қатар, келіссөздер жүргізіп жатыр. Тескей аймағы мемлекеттік шекараның белгіленбеген аумағы болғанымен, оны Қырғызстан азаматтары пайдаланады. Ал Баткен облысында орналасқан шекара бөлімшелері күшейтілген қызмет түріне ауыстырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная