26 желтоқсан 2021 13:48

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында жағдай қайта шиеленісті - БАҚ

Қырғызстанның шекара қызметі Тәжікстанмен шекарадағы шиеленіске байланысты тәртіпті күшейте түсті, себебі көрші елдің азаматтары қырғызстандықтардың көліктеріне тас лақтырды, оған жауап ретінде қырғыз шекарашысы аспанға оқ атты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғыз шекарашыларының мәліметінше, сенбіде Тәжікстанның әскери күштері Қырғызстандағы Дамба мен Мақсат ауылдарына қарама-қарсы шекара маңында жиналған, сонымен қатар, шекара бекеттерінің бірінде тәжік әскери күштері миномет орнатқан. Көп ұзамай Эки-Таштағы шекаралас аймақта оқ атылды: Тәжікстан азаматтары қырғызстандықтардың көліктеріне тас лақтырып, қырғыз шекарашысы қақтығысты тоқтату үшін ауаға оқ атуға мәжбүр болғаны хабарланды. 

"Оқиғадан кейін Қырғызстан мен Тәжікстан шекара заставаларының басшылары кездесті, олар жағдайды тұрақтандыру мақсатында қосымша шекара нарядтарын қойды. Тәжік тарапы оқиғаға қатысы бар адамдарды іздестіріп жатқанын хабарлады. Қырғызстандағы шекараның осы учаскесі қызметтің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды", - деп мәлімдеді ведомство өкілі.

Реклама
Реклама

Қазір жағдай "салыстырмалы түрде тұрақты" екені хабарланды. "ҚР ҰҚК Шекара қызметі осы учаскедегі жағдайды қадағалайды және бақылайды", - деді ведомстводағылар.

Айта кетейік, Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында екі елдің жергілікті тұрғындары мен шекарашылары арасында бұған дейін де қақтығыстар болған

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram