Қырғызстан парламентінің экс-спикері коронавирустан қайтыс болды

Мукар Чолпонбаев

Қырғызстан парламентінің экс-спикері Мукар Чолпонбаев коронавирустан қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости

Қырғызстан парламентінің экс-спикері Мукар Чолпонбаев коронавирустан қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости

"Бүгін, 24 мамырда Жогорку Кенештің экс-спикері, қоғам қайраткері Мукар Чолпонбаев Республикалық жұқпалы аурулар клиникалық емханасында коронавирус инфекциясынан қайтыс болды", - делінген COVID-19-ға қарсы жедел штаб хабарламасында. 

Штаб мәліметінше, Чолпонбаев 5 мамырда ауруханаға түскен. 12 мамырда жансақтау бөліміне жатқызылған. Коронавирус анықталғаннан кейін экс-спикерде екі жақты пнемония мен тыныс алу жолдарында кедергі пайда болған. Сондай-ақ Чолпонбаевта жүрек, бауыры мен қан тамыры секілді қосалқы аурулар болған. 

Реклама
Реклама

Мукар Чолпонбаев әділет министрі және Қырғызстан парламентінің депутаты болған.

Еске салайық, бүгінде Қырғызстанда 1403 адамда COVID-19 анықталған. Оның 275-і медицина қызметкерлері. Барлығы 15 адам қайтыс болған. 980 науқас аурудан айығып шыққан.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама