ПОДЕЛИТЬСЯ
06 қазан 2020 | 23:32
Қырғызстан парламентінің жаңа спикері сайланды
Жогорку Кенештің конституциялық комитеті Парламент спикері лауазымына Мықтыбек Әбділдаевтың кандидатурасын шұғыл отырыста мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қырғыз БАҚ-тарына сілтеме жасап.

Akipress мәліметтері бойынша, депутаттар сенімхатпен дауыс беруге қатысады, барлығы 62 дауыс. Дауыс беру қорытындысы бойынша Мықтыбек Абдылдаев Жогорку Кенештің спикері болып сайланды.
"Қиын кезең келді. Мен болашақ сайлаудың ешқайсына қатыспаймын. Мен өз міндетімді орындағым келеді", - деді Абдылдаев БАҚ-қа.
24.kg хабарына қарағанда, Парламент - жалғыз заңды орган және оның мүшелері ғана Қырғызстанды құқықтық алаңға қайтара алады.
Қырғызстанда премьер-министр болып үйлестіру кеңесі ұсынған оппозиция жетекшісі Садыр Жапаров сайланды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также