Қырғызстан премьері Ақылбек Жапаров ауруханаға түсті

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:kenesh.kg

Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров денсаулығы нашарлап, Ұлттық кардиология және терапия орталығына түсті. Бұл туралы министрлер кабинетінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды 24.kg сайты.

Ақылбек Жапаров жүрегі ауырып, ауруханаға түскен. Науқасқа электрокардиография және коронарография процедуралары өткізіліп, миокард инфарктісі анықталмаған. Бірақ жүрек тамырларының спазмы байқалған.

Қазір Қырғызстан министрлер кабинеті басшысының денсаулық жағдайы тұрақты және қанағаттанарлық. Дәрігерлер кеңесі өтіп, Ақылбек Жапаровты денсаулығын қарау үшін ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылданған.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама