27 қазан 2022 10:37

Қырғызстан президенті Қазақстанға ұшып шықты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Садыр Жапаров. Фото:president.kg

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қазақстанға жұмыс сапарымен аттанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қазақстанға жұмыс сапарымен аттанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жапаров Астанада өтетін "Орталық Азия - Еуропалық Одақ" көшбасшыларының бірінші кездесуіне қатысып, бірқатар кездесулер өткізетіні хабарланды.

Кешке Қырғызстан президенті Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы мәдениет күндерінің ашылу салтанатына қатысады.

Реклама
Реклама

Қырғыз Республикасының ресми делегациясының құрамында:

Сыртқы істер министрі Жээнбек Құлұбаев;
Президент Әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Мұратбек Азымбакиев;
Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Дастан Дюшекеев;
Мемлекеттік хатшы Сүйінбек Қасмамбетов;
Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Алтынбек Мақсұтов бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram